09 желтоқсан 2023 | 12:37

"10 млн теңгеден асқан". Ақтауда жатақхана тұрғындары қарызын төлемей жүр

mangystaumedia.kz

Ақтаудағы "Шығыс-1" шағынауданындағы бес қабатты ғимарат 2017 жылы "Жаңа серпін" бағдарламасымен жас мамандарға жатақхана ретінде пайдалануға берілген. 2020 жылы ғимараттың бір бөлігі мемлекеттік оңалту орталығына берілді, осылайша бірінші және екінші топтағы мүгедектер емделуде. Десе де мұнда әлі көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қоныстанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы "Шығыс-1" шағынауданындағы бес қабатты ғимарат 2017 жылы "Жаңа серпін" бағдарламасымен жас мамандарға жатақхана ретінде пайдалануға берілген. 2020 жылы ғимараттың бір бөлігі мемлекеттік оңалту орталығына берілді, осылайша бірінші және екінші топтағы мүгедектер емделуде. Десе де мұнда әлі көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қоныстанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Коммуналдық қызметінің төлемі небәрі 5-10 мың теңге болса да, тұрғындар жылдар бойы төлемей келеді. Барлық шығынды оңалту орталығы, яғни қала бюджеті төлеп отыр. Жатақханада 200-ге жуық тұрғын тұрады. Жазда коммуналдық қызмет үшін орташа есеппен 4-5 мың теңге (бөлмеде тұратын адамдардың санына байланысты), қыста жылуға 8-10 мың теңге төлейді.

"Бұл төлем 2017 жылдан бері өзгерген жоқ. Тұрғындар коммуналдық төлемнен басқа ештеңе төлемейді. Бүкіл ғимаратқа ортақ есептегішіміз бар, оңалту орталығына да, ол кісілерге де. Қазір соның бәрін бюджет төлейтін болып шықты. Жақында біз олардан коммуналдық төлемдер бойынша қарыздарын өтеуді талап еттік. Тіпті 300 мың теңге қарызы бар 37 адамды сотқа бердік. Сотта тұрғындар қарызын төлеуге, түбіртек әкелуге міндеттелді, содл кезде ғана процесс ары қарай жүрмейді. Ал егер төлеуден бас тартса, оларға қатысты сот шешімі шығарылады", – дейді Оңалту орталығының директоры Айбарша Ордабаева.

Реклама
Реклама

Ал жақында 4-қабаттың кейбір тұрғындарынан бесінші қабатқа көшуді сұрады. Себебі оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуді кеңейтуді, сондай-ақ қызмет түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. Ал бұл кеңсені талап етеді.

"Барлық тұрғынға 31 желтоқсанына дейін көшу туралы ескертулер берілді. Сондықтан бізді қазір 4-қабаттан 5-қабатқа ауыстырып жатыр. Бірақ ондағы бөлмелердің бәрі бос емес. Ал кейбір бөлме бос болған күннің өзінде біз оған сыймаймыз. Біреудің төрт баласы бар, басқалардың бес баласы бар. Талабым – балаларыммен бірге басқа жатақханаға орналастырсын", – дейді жатақхана тұрғыны Гүлайым Сариева.

Орталық мемлекеттік сатып алу порталы арқылы залалсыздандыру қызметіне тапсырыс береді. Жақында мамандар келіп, акт жасады. Бес қабат, оның ішінде дәліздер өңделді, ережелерге сәйкес жәндіктерді толығымен жою үшін қайта тазарту қажет болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная