10 тамыз 2024 | 09:40

10 тамыздағы жарыс кестесі. Соңғы үміт кімде?

Фото ©️ Владислав Семенов

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталып келеді. Бүгін 4 спорт түрінен 4 спортшымыз жарыс жолына шығады. Олар ұлттық құрама сапындағы жүлдеден үмітті соңғы спортшылар. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталып келеді. Бүгін 4 спорт түрінен 4 спортшымыз жарыс жолына шығады. Олар ұлттық құрама сапындағы жүлдеден үмітті соңғы спортшылар. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды. Балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Реклама
Реклама

• Заманауи бессайыс. Жартылай финал. Семсерлесу, конкур, жүзу, лазер-ран
12:30. Елена Потапенко

• Еркін күрес. 1/8 финал (97 кг)
15:00. Әлішер Ерғали – Мұстафа Элдерс

• Брейкинг. Топтық кезең
19:35. Amir – Menno
20:25. Amir – Billy
21:14. Amir – Quake

• Тректегі велоспорт. Кейрин. Іріктеу
20:19. Андрей Чугай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная