ПОДЕЛИТЬСЯ
29 шілде 2020 | 13:16
"100 адамға той жасаған". Оралда карантин талабын бұзғандар анықталды
Оралда карантин талабын бұзған нысандар анықталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда карантин талабын бұзған нысандар анықталды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 шілдеде карантин талабын сақтамаған 10 нысан анықталған.
"Деркүл кентіндегі "Гакку" кафесі шамамен 100 адамға той жасаған. Жұлдыз шағын ауданындағы сырахана түнгі сағат 22:00-ден кейін, Жәңгір хан көшесіндегі автожуу орны мен "Абзал" дөңгелек ауыстыру орталығы кешкі 17:00-ден кейін, Кұрманғазы, 169/1 көшесіндегі "Гүлдер" дүкені, М. Ақын, 2/2 көшесіндегі "Әсел" дүкені, Согласия, 41 көшесіндегі алкоголь сататын дүкен, "У Тимошки" дәмханасы, Гагарин, 39/1 көшесіндегі "Донай" дүкені кешкі 22:00-ден кейін жұмыс істеген.Қызылжар көшесіндегі Bear жазғы дәмханасында қонақтар түнгі уақытта ішімдік ішіп отырған", - дейді әкімдік қызметкерлері.
26 шілдеде қалада карантин талабын сақтамаған 9 нысан анықталды. Самал көшесіндегі "Жасмин" банкет залында шамамен 100 адамның қатысуымен той өткен. Сондай-ақ, А.Молодежная көшесіндегі "Арыстан" мейрамхана кешенін де той өткені белгілі болды. Оған шамамен 100 адам қатысқан.
"Евразийская көшесіндегі "Айдана" кафесі, М. Ақын көшелеріндегі "Әсел" дүкені, "Алтынай" мейрамханасы, Астана шағын ауданындағы BeerKing дүкені, Құрманғазы көшесіндегі "Сәния" дүкені кешкі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеген. Вагонной көшесіндегі "Акватория" саунасы шектеуге қарамастан жұмыс істеп тұрған. Жәңгір хан көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясы кешкі 17:00-ден кейін жұмыс жасағаны анықталды", - дейді дейді әкімдік қызметкерлері.
Заң бұзу деректеріне қатысты фото және видео материалдар оқиға орнына барған полция қызметкерлері мен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также