18 тамыз 2023 | 09:30

"100 мың теңгенің телефоны". Алматыда курьер тапсырысты жеткізбей, қашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда курьер құны 100 000 теңге тұратын ұялы телефон салынған пакетті алып, айтылған орынға жеткізбей жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда курьер құны 100 000 теңге тұратын ұялы телефон салынған пакетті алып, айтылған орынға жеткізбей жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазбада жеткізуші пакетті ұялы телефон сататын дүкенінен алғаны айтылған.

"Сәлемдемеде құны 100 000 теңге тұратын Xiaomi ұялы телефоны болған. Ол қашып кетті, хабарласпайды, телефонды жеткізбеді. Полицияға арыз жазылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жазба авторы бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды тіркеген. Кадрларда ер адамның дүкенге қалай кіріп, сатушыдан сәлемдемені алып, шығып кеткені көрсетілген.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Яндекс.Доставка" компаниясына жүгінді. Баспасөз қызметі курьердің қызмет тапсырыстарын орындаудан шеттетілгенін хабарлады.

"Біз клиентпен байланыстамыз, сақтандыру компаниясы келтірілген шығынды өтеу мәселесімен қазірдің өзінде айналысып жатыр. Құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша тергеуге қажетті ақпаратты беруге дайынбыз", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная