08 қыркүйек 2022 | 08:42

"100 теңгеден басталған жанжал": Ақтөбеде зейнеткер мен кондуктор соттасқалы жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде жүз теңгеден үлкен дау шықты. Зейнеткер автобусқа ақы төлемедің деп кондуктор ұрғанын айтып, полицияға арызданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жүз теңгеден үлкен дау шықты. Зейнеткер автобусқа ақы төлемедің деп кондуктор ұрғанын айтып, полицияға арызданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, елу бес жастағы Райхан Мамилина 29 бағыттағы автобусқа таңертең мінген. Артқы есіктен түсетін уақытта картасында ақшасы біткенін байқап, кондукторға зейнеткерлік кітапшасын көрсетіп елу теңге беріпті. Бірақ кондуктор жолақысының толық құнын төлеуді талап етіп, автобустан түсірмей қойған.

"Зейнеткерлерге 40 теңге. Ол әйел мені жұлқылап, ұрғылап автобустың алдына қарай сүйреді. "Ішке кіресің де 150 теңге төлейсің!" деп ұрысып, киімімді жыртып тастады. Қолдарым көгеріп кетті", - дейді жәбірленуші Райхан Мамилина.

Реклама
Реклама

Райхан автобустан түскен бойда полицияға арызданған. Дәрігерге қаралып, үстіндегі көгерген жерлерін көрсетіпті. Жәбір көрген тұрғын кондуктордың жазалануын талап етіп отыр. Бірақ басы дауға қалған кондуктор Райхан Құдабаева да өз құқын қорғамақ. Ол да полицияға қарсы арызданыпты.

"Зейнеткерлік көк кітапшаны көрсетіп елу теңге берді. Мен олай болмайтынын айттым. "Мен күнде осылай жүремін, ештеңе төлемеймін" деп қашып бара жатқан соң, қолынан ұстап тоқтаттым. Сабаған жоқпын. Итеріп автобусқа кіргізбек болдым, ол қарсыласып, мені итерді", - дейді кондуктор Райхан Құдабаева.

Зейнеткерлер картамен есептескенде жолақысы қырық теңге екен. Бірақ қолма қол ақшамен төлегенде зейнеткер де 150 теңге төлеуі тиіс . Сондықтан да болар "Автопарк" басшылығы өз қызметкерлерінің бұрын мұндай теріс қылығын көрмедік деп ақтап отыр. Тек сөгіс жариялап, түсініктеме алыпты.

 "Қазіргі таңда кондуктор да өзінің құқығын қорғау мақсатында арыз жазып отыр. Соған байланысты әзірге ескертумен кондукторды да, жүргізшіні де жұмысқа қостық. Құзырлы органдардың тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес біз әрі қарай қосымша шара қолданамыз", - деді "Автопарк" ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов.

Қазір бұл оқиғаға қатысты полицейлер әкімшілік іс қозғаған. Екі тарап та бір-біріне дене жарақатын салғандықтан сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная