ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2024 | 11:35
107 келі балық аулаған: Атырау облысында екі браконьер ұсталды
Атырау облысында екі браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында екі браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдіктілерден 107 келіге жуық қара балық тәркіленді. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады.
Ведомство қызметкерлері "Урал" мотоциклін тізгіндеген 1986 және 1992 жылғы екі ер адамды тоқтатқан. Браконьерлер Құрманғазы ауданы Жарқос деген жердегі Шарон өзенінің жағасында ұсталған.
"Мотоциклден көксерке, сазан, ақмарқа, табан, мөңке, қаракөз табылды. Қапшықтарға салынған балықтың жалпы салмағы 107,5 келі болды. Балықпен бірге тыйым салынған алты тор, үш ілмек, сүймен және балта болды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Балық ресурстарына келтірілген шығын шамамен 663 мың 287 теңге болады.
Браконьерлік дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также