06 ақпан 2017 | 11:39

11 ақпанда қазақстандықтар екі Айдың тұтылуын байқай алады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар биыл бірден екі айдың тұтылуын бақылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар биыл бірден екі айдың тұтылуын бақылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айдың тұтылуы табиғи құбылыстардың ішіндегі ең қызықты көрініс болып саналады. Бірақ бұл құбылысты байқау оңай емес. Айдың тұтылу процесі сирек болады. Осыған дейін айдың тұтылуын біз 2011 жылдың 10 желтоқсанында байқаған болатынбыз. Кейін біраз жылдар өтіп, міне, 2017 жылы тағы да осындай көріністі бақылайтын боламыз. Айдың алғашқы тұтылуын 11 ақпанда байқауға болады", - деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің астрономия кафедрасының доценті Андрей Солодовник.

Реклама
Реклама

Ал Айдың келесі тұтылуы биыл - 7 тамызда болады. Бірақ табиғи құбылыстар бұл жолы жартылай көлеңкелі болады. Бірақ келесі жылы айдың толықтай тұтылуын көруге болады екен.


© Tengrinews.kz

"Айдың жартылай көлеңкелі тұтылуы 11 ақпанда сағат 4.32-де басталады. Ай оңтүстік-батыс жақтан көрінеді. Тұтылудың ең жоғарғы фазасы сағат 6.44-те басталады. Ол кезде Айды батыс бағытта көруге болады. Ал сағат 8.55-те айдың тұтылуы аяқталады", - деді доцент Солодовник.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная