ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2023 | 08:47
11 жыл басқарған: Атырауда тексеруден кейін шенеунік жұмыстан босатылды
Атырау қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева тексеруден кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдік мәліметінше, әкімдік аппараты қызметтік тексеру жүргізгенде түрлі заң бұзушылықтар анықтаған.
"Әкімдік жанындағы тәртіптік комиссия Нұрлы Хабиеваның тарапынан құқықбұзушылықтар анықтады. Бұған дейін басшының тәртіптік жазасы болғандықтан, арнайы комиссияның шешімімен басқарма басшысы қызметінен босау туралы шешім шығарылды", - делінген хабарламада.
Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін уақытша басқарма басшысының орынбасары Анар Жеңісова атқарады.
Жаңа басшы конкурс арқылы тағайындалады.
Басылым Нұрлы Хабиеваның қалалық әлеуметтік қызметкерді 11 жыл басқарғанын атап өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также