10 қыркүйек 2019 | 16:38

11 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Республиканың екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Республиканың екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Семейде 11 қыркүйекте күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, республиканың солтүстігі мен орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады - кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, бұршақ болуы мүмкін. Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жел күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная