11 мамырда ауа райы қандай болады?

11 мамырда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

11 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, жексенбіде Астана мен барлық облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап және кей жерлерде тіпті бұршақ жаууы мүмкін.

Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында қатты жел соғып, күн күркірейді.

Реклама
Реклама

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Көптеген аймақта желдің екпіні 15–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Елдің оңтүстігінде (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл) және батысында (Атырау, Маңғыстау) төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +18+20°C. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с болады.

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +22+24°C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +30+32°C. Желдің екпіні 5–10 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама