11 ақпан 2023 | 17:44

12 ақпанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазгидромет 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, циклон науқаны мен атмосфералық фронтальды учаскелер әлі де өз ықпалын тигізіп, елдің басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар күтіледі. Республиканың батысында қар аралас жаңбыр жауады.

Тек солтүстік-батыста, солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде, батысында, шығысында жел күшейеді. Бүкіл республика бойынша тұман, батыста көктайғақ болады.

Реклама
Реклама

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Батыста, солтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз солтүстікте, облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram