12 қыркүйек 2022 | 08:18

12 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі

Синоптиктер 12 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 12 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні - 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік түсуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады.

Жетісу облысында түнде Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 19-24, екпіні - 30 м/с және одан да жоғары. Орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні - 23-28 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная