ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2022 | 08:50
"12 сағат қиналды". БҚО тұрғыны үш жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Келіншектің айтуынша, бүлдіршін тамағына жасалған операциядан кейін қараусыз қалып, көз жұмған.
Анасы қыздарынан "Даун синдромы" анықталғанымен, ауытқу болмағанын айтады. Үш жасар Айназға дәрігерлер ота жасап, тамағындағы қабынған безді сәтті алып тастады.
"Реанимациядан бір медбике шақырады. Ол медбике келіп, балаға катетер қоя алмайды. Баланың қолы мұздап бастаған кезде, екінші медбикені шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, бірден дәрігер шақырыңыздар, бала ауыр халде, қиналып демікпе болып жатыр, ешқандай катетерді сала алмаймын, реанимацияға апарыңыздар деп кетіп қалады. Бірақ оған құлақ аспаған бірінші медбике катетерді салғызды", - дейді сәбидің анасы Айдана Мұхамбетиярова.
Оқиға демалыс күні болғандықтан шақыртқан дәрігерлер уақытында келмеген. 12 сағат бойы осылай қиналған сәби әбден әлсірегенде ғана мамандар көмек көрсетуге асыққан.
"Дәрігер кешкісін бала қиналып жатқан уақытта келді. Бала өлердің алдында еді. Тамыр соғысын қарағанда бір-біріне ымдап бірдеме айттты. Кейін апа, қызыңыздан айырылып қалдық, иманды болсын деді. Дәрігерлердің салғырттығы бәрі. Отадан кейін қызым дұрыс қаралмады", - дейді Айдана Мұхамбетиярова.
Ал дәрігерлер бүлдіршінді операцияға дайындау кезінде денсаулығынан кінәрат табылмағанын айтады. Одан кейін де жағдайын қадағалап отырдық дейді.
"Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсірегесін, жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін жүрегінде ақау бары, пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді, әрі кез келген ота - тәуекелге толы іс. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын", - дейді отоларинголог дәрігер Орынбек Жұбанов.
Бүгінде полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Яғни дәрігерлердің кәсiби мiндетiн қаншалықты талапқа сай атқарғанын тексереді. Осыдан кейін ата-анасы заң органдарына жүгінбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также