13 адам қаза тапқан алматылық хостелдегі өрт: сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыдағы Алмалы аудандық соты 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Алмалы аудандық соты 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

Almaty Hostel-де өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болған. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, оның төртеуі шетелдік азамат.

Реклама
Реклама

Бұл іс бойынша айыпталушылар – Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельник. Мұхамедияров ҚР ҚК-ның 292-бабы 3-бөлігі бойынша, ал Пекельник – ҚР ҚК-ның 306-бабы бойынша айыпталған. Екеуі де кінәсін мойындамады.

Сот не шешті

Алмалы аудандық соты Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельникті кінәлі деп таныды. Мұхамедияров ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Пекельникке дәл сондай режимде 4 жыл жаза тағайындалды. Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Жәбірленушілер 20-30 миллион теңгеден талап еткен. Сот жәбірленушілер санына байланысты өтемақыны 7 миллион теңгеге дейін төмендетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама