ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қыркүйек 2023 | 11:28
13 миллион теңге. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін сыйақыны қалай алуға болады?
Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағандарға сыйақы төлеудің жаңа ережелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағандарға сыйақы төлеудің жаңа ережелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 қыркүйектен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеудің жаңа қағидалары күшіне енеді.
"Бұйрыққа сәйкес, пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктің немесе көрсетілген қызметтің құны мың АЕК-тен (3,4 миллион теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша немесе залал жоқ, біржолғы ақшалай сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін (103 500 теңгеден 345 мыңға дейін. -ест.). Бұл сома мың АЕК-тен асатын жағдайларда сыйақы пара немесе залал сомасының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды (13 миллион 800 мың теңге -ест.)", - деді Антиқор.
Байланыс форматы өзгеріссіз қалады: сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы сенімді деректерді хабарлағысы келетіндер 1424 call-орталығына жүгіне алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также