10 ақпан 2021 17:36

13 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 13 301 адам ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 13 301 адам ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V"-мен вакцинация басталды. Вакцинация барлық өңірлерде басталды. 778 егу пункті орналастырылды, оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс істеп тұр, бәрі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тоғыз мыңнан аса медицина қызметкері оқытылды. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 адам егілді", - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Министр бірінші болып вакцинаны инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің және басқа да бөлімшелердің медициналық қызметкерлері алатынын еске салды.

Реклама
Реклама

Одан әрі вакцинаны педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram