13 наурыздан бастап жолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін - Қорғаныс министрлігі

Фото ©️ Турар Казангапов

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін ресми мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін ресми мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарланған.

Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астанада әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз.

Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама