ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 шілде 2026 14:12
14 шілдеде Астанада қатты ыстық болады
"Қазгидромет" синоптиктері Астана тұрғындарына аптап шегіне жететінін ескертті. Метеорологтардың болжамы бойынша, 14 шілде елордадағы ең ыстық күн болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, 14 шілдеде күндіз Астанада ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтеріледі. Көпжылдық бақылаулар бойынша, бұл күннің абсолюттік максимумы +35,3 градус болған. Бұл рекорд 1992 жылы тіркелген еді.
Бұл ретте, 13 шілденің өзінде-ақ ауа температурасы тарихи көрсеткіштерге жақындады. Сағат 13:40-тағы жағдай бойынша елордада термометр бағандары +35,9 градусты көрсетті. "Қазгидромет" 13 шілдедегі абсолюттік температуралық максимум 1935 жылы тіркелгенін еске салды. Ол кезде қаладағы ауа температурасы +39,5 градусқа дейін көтерілген.
Қазақстанға көптен күткен салқын келеді, бірақ барлық өңірге емес
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. 15-16 шілдеде солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, температура +25...+30 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте +40...+45 градусқа дейінгі төтенше ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу