15 қаңтар 2019 11:45

143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды - Біртанов

© Ponedelnik.info

Қазақстандық мамандар шұжық өнімдерін зерттеуден өткізді. Кейбіреуінің құрамы тауардың қаптамасында жазылған заттарға сәйкес емес. 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біртанов Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі ай сайын жүргізілетінін айтты. 2018 жылы 70 мыңнан аса тауар өнімі зерттеуден өткен. Сараптама нәтижесінде 9740 өнім тапсырысқа сәйкес келмейді екен. 

Реклама
Реклама

"Негізінен тапсырысты дұрыс орындамау деректері макілеу ережесін бұзу бойынша - 69 пайыз, қауіпсіздік көрсеткішіне сәйкес келмейтіндер - 23,5 пайыз, сондай-ақ қаптамада көрсетілген сұраныс пен физика-химиялық көрсеткіштер - 7,2 пайыз. Мысалы, сүт өнімдерінің 99 сынамасынан майлылық көрсеткіші өтірік көрсетілген және 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды", - деді министр. 

Оның айтуынша, мониторинг нәтижесінде сұранысқа сәйкес келмеу көрсеткіші - 66 пайыз - импорттық тауар, ал 34 пайыз - отандық өндірушілердің тауары. 

Ол 2018 жылы 22 тонна қауіпті өнімінің көзі жойылғанын айтты. 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram