12 қаңтар 2024 | 11:57

15 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болатыны туралы хабарлама: сейсмологтар мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы Сейсмология институты мен ТЖД өкілдері жақын арада болатын жойқын жер сілкінісі туралы тарап жатқан хабарламаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы Сейсмология институты мен ТЖД өкілдері жақын арада болатын жойқын жер сілкінісі туралы тарап жатқан хабарламаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тікелей эфирде сарапшылар алматылықтарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

"Біздің ғылыми орталықта зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Жер қыртысына қатысты 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес, осы аптаның қысқа мерзімді болжамына сәйкес, 10 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында Алматы болжау полигонында магнитудасы 5,5 жойқын жер сілкінісі күтілмейді. 2024 жылға арналған орта мерзімді болжам қаңтардың аяғында дайын болады. Біз мәліметтер базасы бойынша пікір береміз, біздің бөлімде он зертхана жұмыс істейді. 1998 жылдан бері Алматы бойынша болжамдар расталып келеді. Тұрғындардан үрейленбей, сақтық шараларын білуді сұраймыз", - дейді ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков.

Реклама
Реклама

Сейсмологтар блогерлер мәлімдемесінің ғылыми негізі жоқ деп отыр.

"Иә, ғылыми орталықтың болжамдары расталып келеді. Былтыр да 2023 жылға арналған болжамдық комиссияның қорытындысын шығардық, оған сәйкес магнитудасы 5,5 және одан жоғары болатын жойқын жер сілкінісі болжанбады. Өздеріңіз куә болдыңыз, бұл болжам расталды. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлердің мұндай болжамға қалай келгені белгісіз, өйткені оларда қандай да бір болжам жасауға арнайы техника мен технология жоқ. Біз олардың мәлімдемесін негізсіз деп санаймыз. Хабарламаға назар аударудың қажеті жоқ. Дүрбелеңге негіз жоқ", – дейді Нұрсарсен Өзбеков

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная