15 мамыр 2023 | 10:01

15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түсіп, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Реклама
Реклама

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Қ

ызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram