1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

1,5 миллион гектар жер 30 адамның қолында - депутат Алматы облысындағы жер туралы

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Алматы облысындағы жер мәселесін қозғады. Ол қарапайым халық жер теліміне қолжеткізе алмай отырғанын айтты,

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Алматы облысындағы жер мәселесін қозғады. Ол қарапайым халық жер теліміне қолжеткізе алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күзиев жер мәселесі Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындарымен кездесулерде жиі көтерілетінін айтты.

"Шағын адамдар тобы шабындықтар мен орман алқаптарын толығымен алып, қалағанын істеп жатқандығы наразылық тудырады. Бұл - туған жердің әр бөлігін қасиетті санайтын халықтың ашу-ызасын туғызады.

Кеген, Нарынқол қалаларында болдық. Егер Нарынқолды алатын болсақ, 415 мың гектар жер 20 адамға тиесілі. Кегенде 512 мың гектар 11 қожайынға тиесілі. Ұйғыр ауданында аңшылық жасайтын алқаптардың 97 пайызын алты адам жалға алған. Бұл - шамамен 415 мың шақырым жер. Тек Алматы облысының осы үш ауданында бүгінде бір жарым миллион гектар жер 30 адамның қолында", - деді депутат экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке жолдаған сауалында.

Күзиев қазір тұрғындар санитарлық және ветеринарлық талаптарды бұзып, малды қорада ұстауға мәжбүр болып отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, соңғы 15-20 жылда "қожайындар" аңшылық шаруашылығы аумағына мал жіберуге рұқсат бермейді.

"Бұл адамдар бүкіл аумақты қоршап алған, жергілікті халық жазда мал баға алмай, ол жерден шөп те ала алмайды. Барлығы жабық, бұл жерлердің иелері Нұр-Сұлтанда, не Алматыда, не Талдықорғанда тұрады", - деп қосты ол.

Мұның бәрі жергілікті халықтың орынды ашуын тудырып, әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, деп ескертті Күзиев.

Ол жер заңнамасына өзгерістер енгізіп, бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, халық игілігіне беруді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!