20 сәуір 2021 17:18

"150 литр бензинді тегін ал". Желіде жалған ақпарат тарады

Фото: Тengrinews.kz

WhatsApp қолданушылары арасында Helios жанармай құю бекеттерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатын сілтеме таралды. Жанармай құю бекеті желісінің өкілдері акция туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлады Stop Fake.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Портал мәліметіне сүйенсек, Helios-тің ресми сайтында да, Instagram-дағы ресми парақшасында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.

Реклама
Реклама

Бұл ақпаратты жанармай құю бекетінің ресми өкілдері де жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Хабарлама тарап жатқаны туралы мәлімет түсті. Оны дереу жоққа шығардық", - делінген жанармай құю желісі өкілдерінің жауабында.

Портал тілшілері осындай "сауалнамалар" көмегімен желі пайдаланушысының жеке деректері ұрланатынын еске салады. Ол - фишинг деп аталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram