ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2022 | 15:26
150 миллиард теңгенің күмәнді операциялары тоқтатылды - ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу үшін қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг ісін жолға қойғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Агенттік мәліметінше, шетелге қаражат жіберу дерегі күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше, биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.
Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірігіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы сомасы 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также