“16 жасымнан жұмыс істедім“. Еңбек министрі зейнетақысы туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шыққан жағдайда алатын зейнетақы төлемдері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шыққан жағдайда алатын зейнетақы төлемдері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Жақыповадан дәл қазір зейнетке шықса, қанша алатынын сұрады.

"Мен үш төлем ала аламын, өйткені 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім бар. Мен 16 жасымнан жұмыс істедім, 10-сыныптан кейін. Сәйкесінше, менің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтарым бар және базалық зейнетақы төлемін де ала аламын", – деп жауап берді Жақыпова.

Реклама
Реклама

Алайда министр нақты соманы атаған жоқ.

"Сомасын есептеген жоқпын, бірақ ол бәрінде бірдей – егер мен бүгін шықсам (зейнетке – еск.), менің базалық зейнетақым шамамен 32 мың теңге көлемінде болар еді. Бірақ орта есеппен бұл 47 мың теңге – базалық зейнетақы", – деді еңбек министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама