16 миллион теңге пара: ҰҚК Түркістан облысында тергеу жүргізіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
16 миллион теңге пара: ҰҚК Түркістан облысында тергеу жүргізіп жатыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының кейбір жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының кейбір жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру дерегі тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Жарнама
Жарнама

ҰҚК ресми ақпаратына сүйенсек, көрсетілген адамдар сот санкциясымен қамауда ұсталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама