24 қараша 2020 11:49

16 мыңға жуық шетелдік Қазақстанда жұмыс істеп жүр

Фото:elements.envato.com

16 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстанда жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстанда жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 832 шетелдік жұмыс істеп жүр.

Реклама
Реклама

"Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 658 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 430 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 302 адам және 1 058 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 728 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 656 адам тартылды", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1770 жұмыс беруші бар. Оларда 455 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96 пайызы.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдердің тізімінде Қытай (3459 адам), Өзбекстан (1 693 адам), Түркия (1 621 адам), Үндістан (1 145 адам), Ұлыбритания (1 038 адам) бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram