ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 20:01
16 шілдеде Астанада жарық, суық және ыстық су өшіріледі: уақыты мен мекенжайлар тізімі
16 шілдеде Астанада электр энергиясын, ыстық және суық суды жоспарлы өшіру жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, ыстық су келесі уақыт аралығында болмайды: 08:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ 09:00-ден 16:00-ге дейін.
Учаскелерде шарлы крандарды ауыстыру, құбырларды қосу және тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Ыстық су мына мекенжайлар бойынша абоненттерде болмайды:
Жоспарлы жұмысқа байланысты суық су да өшіріледі. Келесі үйлердің тұрғындары үшін су 10:00-ден 15:00-ге дейін, сондай-ақ 10:00-ден 17:30-ға дейін болмайды:
Сондай-ақ 16 шілдеде Астанада электр энергиясын өшіру жоспарланған. Мекенжайға байланысты жарық 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 16:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін, 09:00-ден 11:00-ге дейін, 09:30-дан 11:30-ға дейін, 13:30-дан 15:30-ға дейін болмайды. Себебі – күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету және өзге де жұмыстар.
Сонымен қатар ертең Астанада күн бұлтты болады деп күтіледі, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел жылдамдығы түнде секундсына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус болады. Алдағы күндерге арналған толығырақ ауа райы болжамын мына сілтемеден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу