ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2020 | 10:54
17 мың қазақстандық "Гарант 24 Ломбард" және басқа қаржы пирамидаларынан зардап шеккен
Бірнеше мыңдаған қазақстандық "Гарант 24 Ломбард", "State Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әлі Капитал" қаржы пирамидаларынан зардап шеккен, - деп хабарлайды КТК.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірнеше мыңдаған қазақстандық "Гарант 24 Ломбард", "State Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әлі Капитал" қаржы пирамидаларынан зардап шеккен, - деп хабарлайды КТК.
Телеарна мәліметінше, қаржы пирамидаларынан зардап шеккендер саны 17 мыңнан асқан.
Сонымен қатар, тергеушілер полицияға жаңа арыздар түсіп жатқанын атап өтті.
Сондықтан "Гарант 24 Ломбард", "State Ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әлі Капитал" қаржы пирамидалары келтірген шығынның мөлшері әлі белгісіз.
Бұл қылмыстық істің қашан сотқа жіберілетіні де белгісіз болып отыр. Қазіргі таңда іс материалдарымен күдіктілер мен олардың адвокаттары танысып жатыр. Оның көлемді болуына байланысты істі қарау бір айдан аса уақытты алуы мүмкін.
"Негізгі ұйымдастырушылар Ақтөбе мен Ақтөбе облысынан. Мұнда куәгерлер мен жәбірленушілер де көп. Сондықтан тергеу Ақтөбеде жүргізіледі. Яғни барлық қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілді", - дейді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі Жанболат Әбдірайымов.
Айта кетейік, осыған дейін "Гарант 24 Ломбард", "State Ломбард", "Выгодный займ" және "НурАли Капитал" ісі бойынша 50 адам күдікті ретінде танылған.
Олардың 33-і қамауда. Қалғандарында бұлтартпау шарасы үй қамауы немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде айқындалған. Тағы 6 күдікті халықаралық іздеуде.
Күдіктілерге "Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету", "Заңсыз банктік қызмет", "Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету", әрі "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" баптары бойынша айып тағылып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также