18 шетелдік жүк көлігінің тіркемесінде жасырынып шекарадан өтпек болған

18 шетелдік жүк көлігінің тіркемесінде жасырынып шекарадан өтпек болған Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі наурызда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Ақтөбе облысында өткізу пунктінен жүк көлігінің тіркемесінде жасырын өтпек болған 18 шетелдік анықталды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі жасауға арналған көлемі 5 100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жыл басынан бері барлығы 9 620 литр химиялық затты (тұз қышқылы, ацетон, фениппентан) және 1 000 келі бромкетон-4 қоспасын тасымалдаудың жолы кесілді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорларды түпкілікті алушылар анықталып, есірткі зертханалары жойылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысында шекарашылар құны бір миллиард теңге болатын 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтыны бар құм) шетелге шығару әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама