1800 афтершок: Алматыдағы жерасты дүмпулері себебі түсіндірілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, 23-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 1800-ден аса әлсіз афтершок тіркелсе, оның тек 11-і Алматыда сезілген - 2 балл.

"Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа параметрлер. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама