ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2024 | 16:10
1800 афтершок: Алматыдағы жерасты дүмпулері себебі түсіндірілді
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 2400-ден аса афтершок болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 2400-ден аса афтершок болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, 23 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 2405-тен аса әлсіз афтершок тіркелді, олардың тек 12-сі Алматыда сезілген - 2 балл.
"Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа параметрлер. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также