ПОДЕЛИТЬСЯ
25 желтоқсан 2023 | 17:32
19 жастағы қыз такси жүргізушісін дүкенге жіберіп, көлігін ұрлап кеткен
Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз иемденген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз иемденген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер жолаушы ретінде қаланың шағынаудандарының біріне барған жас қыз ұрлап әкеткен шетелдік көлікті иесіне қайтарды. Демалыс күндері Талдықорған полицейлері ұрланған Hyundai Accent көлігін іздеуге көмек сұраған жергілікті тұрғынның өтінішін тіркеді. Өтініш беруші көлікті өзіне белгісіз қыз ұрлап кеткенін, оны облыс орталығының шағынаудандарының біріне апарғанын түсіндірді.
Жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінген, кейін жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты.
"Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында ("Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену") көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді", – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов.
Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также