19 сәби тауар болған: Қазақстанда бала саудасы тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Жыл басынан бері Қазақстанда балалар саудасына қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. Олардың бәрі жаңа туған сәбиді заңсыз асырап алу келісіміне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Қазақстанда балалар саудасына қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. Олардың бәрі жаңа туған сәбиді заңсыз асырап алу келісіміне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, нәрестелерді сату деректері Қазақстанның барлық дерлік өңірінде анықталған.

Схема мынадай: бір жақта бала сүйе алмай жүрген отбасылар, екінші жақта жаңа туған сәбиден бас тартуға дайын әйелдер. Ал олардың арасында пайда үшін екі жақты табыстыратын делдалдар бар.

Реклама
Реклама

"Балаларды шетелге шығару деректері тіркелген жоқ. Барлық мәміле ел ішінде жүрген. Жауапкершілікті баланы сатқандар да, оны сатып алғандар да көтереді", – деді Көшербаева.

Полицейдің айтуынша, сәбиден бас тартатындардың арасында қалаға келген, ауыр қаржылық жағдайда қалған қыздар бар. Кейбір отбасылар да нәрестені асырай алмайтындықтан осындай қадамға барады.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, нәрестелерді заңсыз сату мәмілесінің орташа бағасы 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін өзгереді.

Айта кететін жайт, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Адам саудасы" бойынша 19 қылмыстық іс тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама