19 жастағы Гүлшат Қазбекованың туыстары полицейлерге алғыс айтты

19 жастағы Гүлшат Қазбекованың туыстары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ерікті Жанар айтып берді.

Гүлшат Қазбекованың туыстары "Есіл" аудандық ІІБ іздестіру бөлімінің қызметкерлері мен Астана ІІД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлеріне жедел-іздестіру шараларын жүргізгендері үшін алғыс айтқан.

Жанар 18 ақпанда күндіз полицияның қыздың ізіне түскенін хабарлағанын айтты. "Қазір ол үйінде. Жағдайы жақсы", - деді ерікті.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде полиция қызметкерлері мұндай жағдайларда айыппұл салу мәселесінің қарастырылмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, 15 ақпанда полицияға Қазбекова Гүлшаттың анасы полицияға хабарласып, 19 жастағы қызының 3 ақпан күні үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмағанын айтады. Іздестіру шараларына Астана ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде елордалық полицейлер 18 ақпанда сағат 22.00 шамасында жоғалып кеткен Қазбекова Гүлшаттың қайда екенін анықтады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама