25 қыркүйек 2023 | 11:51

2 қазаннан кейін 55 мыңнан аса алматылық банк қызметін ала алмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: jcomp/Freepik

55 мыңнан аса алматылық 2 қазаннан кейін банк қызметін ала алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

55 мыңнан аса алматылық 2 қазаннан кейін банк қызметін ала алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қазанында 2022 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеушілер - жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және басқа да ғимараттары бар тұлғалар.

Реклама
Реклама

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, төлем мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалса да, 55 644 Алматы тұрғыны жалпы сомасы 735 миллион теңге салықты төлемеген. Төленбеген салықтың негізгі бөлігі Алматының Медеу ауданы тұрғындарына тиесілі – 315 миллион теңге.

"Төлеу мерзімі өткеннен кейін салық төлеуді жүргізбеген тұлғалар салық заңнамасының нормаларына сәйкес банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шоттар аша алмайды, аударымдар жасай алмайды, кредит ресімдей алмайды және т.б. Мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі", - деп хабарлады Алматы МКД.

Бұдан басқа, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық бұйрықтарын жібереді, олар борышкерлерге қатысты, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеу шараларын қолданатын болады. Мұндай жағдайларда салық борышынан басқа, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары да ұсталады.

Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін салық қызметкерлері жеке тұлғаларды жақын күндері мүлік салығын төлеуге шақырады.

Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная