ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 маусым 2026 10:21
2 миллиардқа жуық сомаға алаяқтық жасаған фигурант Қазақстанға қайтарылды
Бас прокуратура жәбірленушілер мен екінші деңгейлі банктердің ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Қырғызстаннан елге жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бас прокуратура жәбірленушілер мен екінші деңгейлі банктердің ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Қырғызстаннан елге жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тергеу не анықтады?
Тергеу мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында үш қазақстандық қылмыстық топ құрып, көрінеу қайтарылмайтын несиелерді ресімдеу схемасын ойлап тапқан.
Олар азаматтарды автокөлік сатып алу үшін банктен қарыз алуға көндірген. Содан кейін қаскөйлер бұл көліктерді сатып жіберіп, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Бұдан бөлек, топ мүшелері іс жүзінде жоқ автокөліктерге банк қарыздарын ресімдеуге қатысты тағы бір схеманы қолданған.
"Бұл үшін ойдан шығарылған көлік құралдары Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-да Қырғызстаннан келген деген желеумен заңсыз тіркелген. Содан кейін оларды сатып алу үшін үшінші тұлғалардың атына екінші деңгейлі банктерден несие ресімделген. Осылайша алынған ақшаны сыбайластар өз мүдделеріне пайдаланған", - деп хабарлады ведомство.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қаскөйлердің әрекетінен екі қаржы ұйымы мен 77 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам шығын келген.
"Іс сотқа жолданды"
Қылмыстық топтың екі мүшесіне қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Қылмыс жасағаннан кейін үшінші қатысушы бой тасалап үлгерген, сол себепті құқық қорғау органдары оған іздеу жариялады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жүрген жері анықталып, ол Қырғызстанда ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол отанына экстрадицияланды.
Қаскөй тергеу изоляторына қамалды. Тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу