2 наурызда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көп кезең болады - болжам

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман 2 наурызда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көп кезең болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман 2 наурызда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көп кезең болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алайда, сарапшының сөзінше, жағдай 2020 жылдың жаз мезгіліндегідей аса ауыр болмайды.  

Ғалым мұндай болжамды Вашингтон университетінің медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) коронавирустық инфекциясы туралы мәліметтерге сілтеме жасап айтты.

Реклама
Реклама

Вирус жұқтырғандар саны өткен жылдың жаз мезгіліне қарағанда 45 пайызға төмен болады. 

Алмаз Шарман қазақстандықтардан сақтық шараларын ұмытпауды сұрады. 

"Алдағы айларда абай болыңыз: маска тағып, арақашықтықты сақтап, адам көп жүретін жерлерге бармаңыз, жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтанып, физикалық тұрғыда белсенді болыңыз", - деді профессор. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама