ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2023 | 16:55
20 градус аяз, жауын-шашын және тұман. Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кезеңнің басында, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай, 19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында күтіледі.
Антициклонның енуімен кезеңнің екінші жартысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжанады.
"Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек кезеңнің екінші жартысында ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 0-8 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также