01 қараша 2021 | 13:03

20 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашынның арты қарға айналып, екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады.

"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыс суық антициклонның басып кіруімен жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Солтүстік-батыста түнгі температура 15 градус аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 20 градус аязға дейін, оңтүстікте 13 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 16 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстанның батысында ғана алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная