13 шілде 2020 | 15:04

20 жылдық өтілі бар сотталған дәрігер колониядағыларға көмек көрсетіп жатыр

20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер əйелдер колониясында сотталғандаға COVID-19 індетіне байланысты психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер əйелдер колониясында сотталғандаға COVID-19 індетіне байланысты психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түзеу мекемерінде пандемияға байланысты туыстарымен кездесу тоқтатылды.

Реклама
Реклама

20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер әйелдер колониясында жазасын өтей отырып, бүгінде осы бір қауыпті індеттің басымызға түсуіне байланысты, мекемедегі жазасын өтеп жатқан басқа да сотталған әйелдерге психологиялық көмектің қалай көрсетіліп жатқаны туралы айтты.

ОВ -156/21 колониясында жазасын өтеуші сотталған əйелдер короновирустың таралуына байланысты бостандықта қалған туған туыстарының, жанұяларының және балаларының жағдайына эмоционалды алаңдаушылық танытып жатыр.

Сотталған дəрігер Дана Дидарова (ата жөні өзгертілген) мамандығы бойынша медицина қызметкері, балалар дəрігері 20-жылдық еңбек өтілі бар бірінші сыныпты білікті дəрігер мекеме мамандарымен бірлесіп, туыстарының жағдайына алаңдап отырған сотталған əйелдерге кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Сотталған əйелдер өздерінің қорқыныш сезімдерін, осы бір індеттің туған туыстарына жұғуын уайымдап, балалары үшін алаңдайтындарын айтып шағымданып келеді. Мекеме мамандарымен бірлесіп біз оларға қолдау көрсетіп жатырмыз",- дейді Дидарова.

"Сондай-ақ, мекеме əкімшілігі де сотталған əйелдерге көмек беруден жалығар емес. Барлық сотталған əйелдер Skype арқылы туыстарымен хабарласып отырады. Әйелдердің көздеріне жас алып, туыстарымен сөйлесіп, олардың тазалық гигиенасын қатаң сақтауларын, үнемі бет перде тағып жүрулерін, бөлмелерін желдетіп отыруларын сұрап жатқанын жиі көремін. Осындай қиын уақытта əрқашан қастарынан табылуға қолымнан келгенше психологиялық көмөк көрсетуге тырысамын, өйткені менде Гиппакратқа ант бергенмін", - дейді Дана.

Атап айта кетсек, осы болып жатқан жағдай тек Қазақстан азаматтарын емес, колония мен оқшаулауда жатқан сотталғандарға да əсерін тигізіп жатыр. Туыстарымен кездесулері тоқтатылды, мектептер мен колледждерде оқу қашықтықтан оқытылды, басқа сөзбен айтқанда оқшаулаудан оқшаулау.

Бірақ осыған қарамастан сотталған әйелдер оған үлкен түсініспеушілікпен қарайды, өйткені осының бəрі олардың ауырып қалмаулары үшін атқарылып жатқан іс - шара екенін жақсы түсінеді.

"Пандемиямен ауырғандар тез жазылып кетулеріне жəне жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен жақын арада қауышуларына тілектеспін", - деп қосты Дана.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная