ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2021 | 08:43
20 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Ел территориясының басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-бастыста жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ел территориясының басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-бастыста жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола және Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Павлодар облысында күндіз бұрқасын болады және жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан және Атырау облысының кей жерінде бұрқасын болады, БҚО-ның кей жерінде тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі және жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также