09 наурыз 2023 | 15:43

20 миллиард теңге қажет. Сенатор Батыс Қазақстандағы жолдарға қаржы сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сенатор Амангелді Нұғманов еліміздің батыс өңіріндегі автомобиль жолдарының сапасын сынға алып, оларды жөндеуге 20 миллиард теңге бөлуді өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Амангелді Нұғманов еліміздің батыс өңіріндегі автомобиль жолдарының сапасын сынға алып, оларды жөндеуге 20 миллиард теңге бөлуді өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Смайыловқа жолдаған сауалында батыс өңірлердегі жолдардың сапасына қатысты мәселелер туралы баяндады.

"Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативті жағдайын 2025 жылға дейін 95 пайызға жеткізу үшін Ақтөбе облысындағы 1,5 мың шақырымды жөндеу қажет, бұл жыл сайын 25,6 миллиард теңге болады. Бұл республикалық бюджеттен қосымша 13,5 миллиард теңге трансфертті қажет етеді. Атырау облысында 43,5 шақырым жолдарды қайта құру және жөндеу үшін қосымша 8,8 миллиард теңге қажет", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Нұғманов Батыс Қазақстан облысындағы теміржол вагондарының жетіспеушілігіне және құрылыс материалдарын уақтылы жеткізілмегенін және бұрын бөлінген ақша дұрыс пайдаланылмағанын атап өтті.

Сенатор республикалық бюджеттен жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға, "Қазақстан темір жолы" жүк вагондарын құрылыс материалдарын жеткізу үшін уақтылы қамтамасыз етуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная