ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2021 | 17:38
20 шілдеде Алматыда сауда орталықтары, базарлар қалай жұмыс істейді?
Алматы әкімдігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық нысандар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық нысандар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, 20 шілдеде қоғамдық көлік қалыпты режимде, демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, қаладағы барлық бизнес нысаны демалыс күніне қарамастан, жұмыс күнінің режимі бойынша, қаланың бас санитария дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 19 қолданыстағы қаулысында жазылған шектеулерді сақтай отырып жұмыс істейді.
Қоғамдық тамақтану нысандары сыйымдылығы 50 пайыз, 30 орындыққа дейін келушілерді қабылдай отырып, сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін және Ashyq-қа қатысушы нысандар 2.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда орталықтары мен сауда үйлері 17 сағатқа дейін жұмыс істейді. СОО-дағы тамақтану орындары тек Ashyq арқылы 10 пайыздан 22 пайызға дейін келушілерді қабылдай отырып, жұмыс істейді.
Ашық базарлар жұмысына шектеу жоқ. Жабық азық-түлік емес базарлар сағат 10-нан 22-ге дейін жұмыс істейді.
Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер шектеусіз жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда бизнес нысандары 20 шілдеде жұмыс күндеріне қойылған карантин шектеулері бойынша жұмыс істейтіні хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также