ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2021 | 14:56
20 шілдеде Нұр-Сұлтанда базарлар, сауда орталықтары қалай жұмыс істейді?
20 шілде Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар үшін демалыс күні болады. Соған байланысты Нұр-Сұлтанда базар, дәмхана, СОО және қоғамдық көлік жұмысында қандай шектеулер болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар үшін демалыс күні болады. Соған байланысты Нұр-Сұлтанда базар, дәмхана, СОО және қоғамдық көлік жұмысында қандай шектеулер болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес қалалық автобустар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл уақытта автобустар саны артып, соңғы аялдамада салон өңделіп, барлық есігін ашып желдету жұмыстары жүргізіледі.
СОО, сауда үйлері мен сауда орталықтарына сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұл ретте нысандағы қоғамдық тамақтану орындары Ashyq бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда бұл нысандарда шектеулер қолданылады, өйткені қаулыда 4 шаршы метрге бір келуші болуын сақтауды талап етеді.
Дәмхана, мейрамхана мен кофе, оның ішінде жазғы алаңдар 50 пайызына дейін, 30 орынға дейін келушіні қабылдай алады. Мекемелерге 7.00-ден 17.00-ге дейін, Ashyq-пен 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Асхана орналасқан жеріне қарамастан, залдың 50 пайызына, 30 орындыққа дейін келушіні қабылдап, 7.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Көше сауда нысандары, стритфудтар, балмұздақ сататын дүкендер, көкөніс шатырлары және басқалары, сондай-ақ гүл дүкендері қалыпты режимде жұмыс істей алады.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар бір келушіге төрт шаршы метрді сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ашық ауадағы азық-түлік базарлары штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар да сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Азық-түлік дүкендері, шағын-маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға төрт шаршы метр толымдылығын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.
Азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер бір сатып алушыға 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Бұл ретте қалада Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде үйде өткізуге және қатысуға тыйым салынады. Ұжымдық намазға тыйым салынады - Айт намазы, соның ішінде мешіттер аумағында ашық іс-шаралар.
Қала тұрғындары құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн бақылай алады. Құрбандықтар адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, арнайы бөлінген сою пункттерінде жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также