30 наурыз 2022 | 16:15

200 теңгелік банкнотаны пайдалануға бола ма? Ұлттық банк жауап берді

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма басшысы Серікжан Майданов 200 теңгелік банкнотаны пайдалануға байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма басшысы Серікжан Майданов 200 теңгелік банкнотаны пайдалануға байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде халық тарапынан көптеген сұрақ түскен. Тұрғындардың айтуынша, кәсіпкерлер 200 теңгелік банкнотаны алудан бас тартады екен.  

Ұлттық банк өкілі 200 теңгелік банкнотаны заң бойынша әлі де пайдалануға болатынын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Олар 200 теңгелік монетамен қатар айналымда жүр және кез келген төлем, банк операциясы мен ақша жіберу кезінде қолдануға болады", - дейді Серікжан Майданов. 

Банкноталарды барлық банк бөлімшесінде, "Қазпоштаның" кез келген бөлімшесі мен Ұлттық банктің бөлімшелерінде ауыстырып алуға болады. 

"Егер сізден 200 теңгелік монетаны алмай қойған жағдада Ұлттық банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгінуге болады", - дейді Майданов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная