2015 жылдың соңына дейін Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

© Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыр кезеңде қандай шараларды қабылдау керектігі туралы Жолдауында айтатынын, оны осы жылы жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы strategy2050.kz сайтында хабарланды.

"Бүгін негізгі мәселелерге ғана тоқталдым. Күрделі кезеңде қандай шаралар қолданатынымыз туралы кезекті Жолдауда айтатын боламын, оны  осы жылы жариялау жоспары бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, "осынау күрделі кезеңде Үкімет пен аудан әкімдері экономикалық өсімді ынталандыратын барлық қорды қарауы керек".

Реклама
Реклама

"Үкіметте шағындалған шаралар бар, дағдарыс кезінде қандай шаралар қолдану керектігі игерілген. Мен Үкіметтің келесі жылдың бюджетін қайта қарау ұсныысын қолдадым", - деді Елбасы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама