ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2016 | 16:30
2016 жылы елді алаңдатқан атышулы оқиғалар
Tengrinews.kz редакциясы 2016 жылдың атышулы қылмыстық істерін еске алады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews.kz редакциясы 2016 жылдың атышулы қылмыстық істерін еске алады.
2016 жылдың қаңтарында Шымкентте ірі арнайы операция жүрді. Қалада бес жұлдызды "Риксос Хадиша Шымкент" қонақүйі қоршауға алынды. Қаруланған арнайы қызмет жергілікті сыра зауытының территориясын қоршады. Сол уақытта төрт адам ұсталған болатын. Тінту кезінде қару-жарақ, есірткі және кітаптар табылған. Кейін белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны анықталды, ол оның алдында Қазақстандағы террористік қатерлерді сараптау Орталығының өкілдігін басқарған.
Төлешовке қатысты қылмыстық іс құпия жүргізілді. Тергеумен ҰҚК айналысты. Жазға таяу Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер бизнесменнің қылмыстық топ құрып, оны басқарды, қинау бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру, адам ұрлау, қарақшылық, адам өлтіру бойынша айып тағылғанын хабарлады. Тергеудің мәліметінше, Төлешов ұзақ уақыт бойы трансұлттық қылмыс әлемінің лидерлерімен байланыста болып, оларға қаржылай қолдау көрсеткен. Бизнесмен Қазақстандағы билікті күшпен кетіруді жоспарлаған. Тоқтар Төлешовтің соты Астанада өтті. Процесс жабық тәртіпте өтті. 7 қарашада әскери сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырды. Бизнесменнің адвокаттары үкімге қарсы шағым түсірді, бірақ апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Төлешовтің үкімі оқылғаннан кейін үш апта өткенде жер мәселесі бойынша митинг ұйымдастырған Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтті. Олар әлеуметтік және ұлтаралық араздық қоздырды және митинг өткізу мен ұйымдастырудың тәртібін бұзды деп танылды. Азаматтық белсенділер митингтерді, тергеудің мәліметінше, бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ақшасына ұйымдастырған. Сотталған бизнесмен осыдан кейін елдің вице-президенті болғысы келгенін, осы мақсатта митингті қаржыландырғанын мойындады. Жер реформасы мәселесін ол қазақстандықтардың осы проблемаға бей-жай қарай алмайтындықтан таңдаған. Төлешов Боқаевпен де, Аянмен де таныс болмаған. Бизнесмен оларға ақшаны арадағы адамдар арқылы беріп жіберген.
Баян Есентаеваның оқиғасы: 10 маусымда ақпарат құралдарында белгілі продюсер Баян Есентаеваны күйеуі ұрып-соқты деген хабар пайда болды. Оқиға Алматыда болған, олар осы кезде әуежайдан қайтып келе жатқан. Бақытбек Есентаев әйелін әуежайдағы жолда кездестіріп, бірнеше рет пышақтаған. Есентаева ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылады. Күйеуі ұсталып, қамауға алынады. Кейін оған "Адам өлтіруге оқталу", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер" және "Зорлау" баптары бойынша айып тағылды.
Бақытбек Есентаевтың соты үш айдан кейі, 14 қыркүйекте өтті. Сот алқа билерінің қатысуымен, БАҚ өкілдерінсіз өтті. Баян Мақсатқызы сотқа жауап алу кезінде ғана келді. Кейін Есентаеваның күйеуіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, қамаудан босатуды өтінгені белгілі болды. 3 қарашада үкім оқылды - Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша айыпты деп таныды, ал қалған екі бап бойынша ақталып шықты.
Бақытбек Есентаевтың сотына бір күн қалғанда Алматыда "алматылық атқыш" аталған Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді. Биыл шілде айында діни ұстанымы жат Күлекбаев Алматы қаласындағы аудандық ІІБ-ге, ҰҚК департаментіне, салық департаментіне шабуыл жасаған. Ол құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың сегіз қызметкерін және екі бейбіт тұрғынды өлтірген. Күлекбаевтің әрекеті теракт деп танылды. 26 жастағы Күлекбаевтың соты көпке созылмады. Ол адамдарды өлтіргенін мойындап, тіпті өз әрекетіне өкінді. Сөйтіп, Күлекбаев өлім жазасына кесілді. Алайда елімізде өлім жазасына қойыған мораторий алып тасталмайынша, оны орындауға болмайды. Сондықтан Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың түрмесіне қамалды.
2016 жылы Ақтөбеде маусым айында қанды теракт жасағандар да өлім жазасына кесілді. Қарашада сот оларға қатысты сот үкімін шығарды. Жеті адам өз өлімін темір тордың арғы бетінде күтеді. Қылмыстық істің тағы екі фигуранты 25 және 22 жылдарға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен сотталған 29 адам ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп танылды.
Ақтөбеде теракт 2016 жылдың 5 маусымында болған. 25 адамнан құралған топ "Паллада" және "Пантера" қару-жарақ дүкендеріне шабуылдап, ол жақтан қару алып шыққаннан кейін ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөліміне барған. Лаңкестердің шабуылынан 8 адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. Антитеррористік операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды. Терактіге қатысқан 9 адам ұсталып, тағы 18-і дайындалып жатқан қылмысты хабарламау бойынша, тағы екеуі жасыру бойынша ұсталды.
Астанада 23 жастағы студенттің жоғалып кетіп, кейін өлі табылуы қазақстандықтардың арасында біраз шу шығарды. Ерасыл Әубәкіров 2016 жылдың 3 ақпанында жоғалып кеткен болатын. Студенттің таныстары мен туыстары оны іздестіріп, Интернетте және қала бойынша бағыттамалар таратты. Бірақ, өкінішке қарай, жоғалып кеткен жігіттің денесі бір аптадан соң өлі табылды. Оның денесінде зорлық белгілері болды. Содан осы қылмысқа қатысы бар делінген үш адам ұсталды. Олардың ішінде бірнеiе айдан соң түрмеден босап шыққан Аян Мейірбаев та бар. Бұл жайт қылмыстық істі бұдан да қызықтыра түсті. Кейінірек Мейірбаевтың адвокаты оның қорғалушысының бұл істе тек зардап шегуші ретінде болғанын айтты. Сосын ол Желідегі атышулы істің видеожазбасына қатысты пікір білдірген болатын.
"Халық осы видеоны көріп шулап кетті. Аян қылмыскер деген пікірлер де көп айтылып кетті. Мен Аянның бұл іске ешқандай да қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Бұл сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды. одан зардап шегуші ретінде жауап алынды", - деген болатын Аян Мейірбаевтың адвокаты Ерлан Билялов.
Қылмыстық іске қатысты сот отырыстары алқа билерімен жабық тәртіпте өтті. Ерасыл Әубәкіровті өлтірді делінген үш адам сот алдына келді: Нұрбек Әжімбай - 20 жылға бас бостандығынан айырылды, Виталий Шерстенев 11 жылға, ал Андрей Тихоненко 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі шыққан соң Әубәкіровтер отбасының адвокаты журналистерге қылмыскерлердің Ерасылды қылқындырғандарын және бұл қылмысты Нұрбек Әжімбайдың ойластырғанын айтты.
"Жалпы алғанда Әжімбайдың ойы жеке кәсіпкер Есен Мейірбаевтың баласына қатысты бопсалау материалын жинау болған. Менің түсінгенім бойынша, ол құрылыс бизнесімен айналысқан. Ал Әжімбай сол кәсіпкердің баласы Аян арқылы (олар бір топта оқыған) әкесінің үлкен сауда орталығын сатып жатқанын біліп алған. Содан Әжімбай сол саудадан 15 пайызын алғысы келген. Ал кәсіпкер оны бере салмайды ғой. Содан Әжімбай осындай жолмен өз ойын жүзеге асырғысы келген", - деген еді адвокат Тельман Әленов.
Ал қараша айының соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан судьяларының VII съезінде барлық адамның заң және сот алдында тең екенін мәлімдеген болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы EXPO-2017 ісіне қатысты сотталушыларды айтып өтті. Биыл маусым айында EXPO ісіне қатысты сотталғандарға үкім шығарылған болатын. Сотталушылардың ішінде ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев те бар. Сот оны кінәлі деп танып, 14 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұрынғы топ-менеджердің барлық мүлкі тәркіленген болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің айтуынша, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асатын қаражат жымқырылған. Осы қылмыстық іске қатысты сот отырысы биыл 4 сәуірде басталып, екі айға созылған болатын. Айта кетейік, қылмыстық іске 23 фигурант қатысты. Олардың барлығына осы қылмысқа қатысы бар делінген айып тағылған. Соттың үкімімен олар бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал 2016 жылдың маусым айында тергеу жұмыстары мен сот отырыстары өтіп жатқанда Талғат Ермегияев үй қамауында болды. Бір жылдан соң сот үкімі шыққанда ол қамауға алынды. Алайда Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ. Қазіргі уақытта ол жазасын Астанадағы түрмеде қатаң тәртіпте өтеп жатыр.
2015 жылы ол сән әлемінің 500 ықпалды адамдар тізіміне енді. Ал осы жылы жазда белгілі қазақстандық сәнгер Лилия Рах даулы оқиғаға қалды болды. 2016 жылдың 9 шілдесінде алматы полициясына 33 жастағы Өзбекстан азаматы Хамсат Сувановтың жоғалғаны туралы арыз түсті. Полицейлер ер адамды "ұрлап кетіп, жалдамалы пәтерлердің бірінде күштеп ұстағаны" туралы хабарлады. Бұл іс бойынша 54 жастағы Лилия Рахпен бірге зергерлік бұйымдар шығаратын испандық компанияның иесі Мири Паз, Бақыт Шалбаев және Ислам Месиров қатыты болған.
Сотта Хамро Сувановтың қорғаушысы Лилия Рахқа қарсы моральдық та, материалдық та арызы жоғын және оны кінәлі деп есептемейтіндігін айтқан. Адвокаттың нақтылауынша, өзге сотталушыларға қарсы Суванов ондай арыз бермеген.
10 қарашада Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов Лилия Рахты жеті жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев және Ислам Месиров сегіз жылға айырып, мүліктерін тәркіледі.
Лилия Рах өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімімен дау тууға себеп болған Хамро Суванов та келіспеді.
"Мен әлі түсіне алмаймын, егер оның кәнсіз екенін білдіретін барлық дәлелдер бола тұра қалайша оны кінәлі деп танығанын. Ол күні біз сқйлесу үшін кеңсеге бардық. Әуежайда да, кеңседе де Лилия Рах тарапынан ешқандай қорқыту, ұрлауға қатысты ешқандай күш көрсету болған жоқ, Мен басында-ақ оның қатысы жоғаын айттым. Мен ғана емес, барлығының берген куәлігі бр жерден шығып тұрды. Мен сот келісімімен келіспейтінімді білдіріп шағым түсіремін", -дейді зардап шегуші Хамро Суванов.
2016 жылдың 5 қазанында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев алты жылға, ал оның ұлы - "КазТАГ" ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев - бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Сейітқазы Матаевқа "Алаяқтық" пен "Ұйымнан бюджетке салық және (немесе) басқа да төлемдер жасаудан жалтару" айыптары тағылды. Әсет Маатев "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды. Сот үкіміне қатысты Сейітқазы және Әсет Матаевтар да шағым түсірді. 9 желтоқсанда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы сотталушылар мен олардың қорғаушыларының шағымдарын қарап, оны қанағаттандырмады.
"Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру" бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың аппеляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырды.
3 қазанда Юрий Пак екі жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың бары туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді.
Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді. "Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым", - деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.
Показать комментарии
Читайте также