28 желтоқсан 2016 17:14

2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап Астанада сағаты 100 теңге тұратын автотұрақтар ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап Астанада сағаты 100 теңге тұратын автотұрақтар ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана әкімдігінің осы шешімі Adilet.zan.kz сайтында жарияланды. 


2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап Астанада сағаты 100 теңге тұратын автотұрақтар ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана әкімдігінің осы шешімі Adilet.zan.kz сайтында жарияланды. 

Астана әкімінің "Астанадағы тұрақ үшін ақы алуға және көліктің тұрған уақытын есептеуге арналған арнайы сертификацияланған құрылғылар қойылған жерлердегі тарифты анықтау туралы" жарлығы бүгін, желтоқсанның 28 күні ресми жария етілді. 

Жарлыққа сәйкес, паркоматтар орнатылған тұрақтар құны - сағатына 100 теңге. Жарлық 2017 жылдың 7 қаңтарында күшіне енеді.

Мұның алдында сынақ жұмысы аясында Нұрлыжол бульварына 910 орындық тұрақ абаттандырылуы керек болатыны хабарланған. Әрбір көлікке арналған орында арнайы жол белгілері көрсетіліп, құрылғылар орнатылды. Кіреберісте қойлыған электронды тақта тұрақта қанша бос орын барын көрсетеді.  

Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішінде қолма-қол және арнайы паркоматтар арқылы, SMS-төлем, мобилді және жеке кабинет арқылы төлем жасауға болады. 

Жоспарланған орындар 25 көшеге қойылады. Есілдің сол жағасында олар Тұран - Сарайшық - Орынбор - Сығанак, ал оң жағалауда Сарыарқа - Бөгенбай батыр, Республика - Набережная көшелері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети