08 желтоқсан 2016 | 12:27

2017 жылы Астанада 10 инновациялық мектеп ашылады

2017 жылы Астанада 10 инновациялық мектеп ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі дарынды оқушылармен кездесуінде айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы Астанада 10 инновациялық мектеп ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі дарынды оқушылармен кездесуінде айтты.

Реклама
Реклама

Әсет Исекешевтің айтуынша, 2018 жылы 20 мектеп ашылады.

"Біз қазіргі уақытта келесі жылдың бірінші кезеңінде 10 инновациялық мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлермен, ұлттық компаниялармен бұл мекептерде белгілі бір мамандықтарға қолдау көрсетеміз. Робот техникасы, ақпараттық технологиялар, тіпті химия да болуы мүмкін. Нақты келісімшарттар бар. Келесі жылы бастап кетеміз. Нақтырақ айтқанда, "Қазатомөнеркәсіппен", бұл ұлттық компания әлемде уран өндіруден бірінші орында, Асқар Жұмағалиевпен екі мектепті инновациялық етеміз деп келісіп қойдық. Келесі жыл 10 мектеп ашамыз деп ойлаймын. 2018 жылы болса 20 мектеп ашамыз", - деді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, қала басшысының айтуынша, әкімдік мектеп оқушыларына 10 миллион теңге көлемінде грант бөледі.

"Біз сіздердің араларыңызда өнертапқыштық пен зияткерлікке қолдау білдіруді жоспарлап отырмыз (...) Әкімдік 10 миллион теңге бөледі немесе инновация саласындағы үздік жұмыстарға 15 грант береді. Яғни бес грант бес миллион теңгеге де, 10 грант 500 мың теңгеден алады", - деді Исекешев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная